2021 жылдың 6 қаңтарында Kia Motors Corporation компаниясы өзінің жаңа логотипі мен брендтің жаһандық ұранын ұсынды, ол трансформация мен жаңа ғаламдық мақсатқа деген батыл қадамды білдіреді. Жаңа логотипті енгізу Kia-ның болашақ құралдар индустриясында және ұтқырлық жүйесінде көшбасшы орынды позициясын иеленуге деген ұмтылысын білдіреді. Ол үшін компания бизнесінің барлық бағыттары трансформацияланатын болады.
Логотип Kia брендінің жаңа мақсатының және болашақ өнімдер, қызметтер арқылы клиенттерге ұсынатын құндылықтардың, сондай-ақ оларға байланысты тәжірибенің символы болып табылады. Kia өзінің уәдесін жаңа логотиппен бекітті, ол қолтаңбаны еске түсіреді. Логотиптің ырғақты үздіксіз сызығы Kia-ның брендпен кез келген өзара әрекеттесуі кезінде клиенттер үшін шабыттандыратын сәттер жасауға деген ұмтылысын білдіреді, ал оның симметриясы брендтің сенімділігін көрсетеді. Жаңа логотиптің жоғарылайтын сызықтары брендтің өсіп келе жатқан амбициясын және ең бастысы, клиенттерге ұсынатын нәрсесін білдіреді.
«Kia-ның жаңа логотипі компанияның өзгерістер мен инновацияларды енгізу идеясына шынайы берілгендігін көрсетеді», - дейді Кіа президенті және бас директоры Сон Хо Сун (Ho Sung Song). – Автокөлік индустриясы қайта құру дәуірінен өтіп жатыр, ал Kia осы өзгерістерге бейімделіп, өзгерістердің алдыңғы қатарында болуға тырысуда. Жаңа логотип ұтқырлыққа деген қажеттілігі дамып келе жатқан клиенттерімізге, ал қызметкерлерімізді тез өзгеретін саланың талаптарына сай болуға шабыт беруге деген ұмтылысымызды білдіреді».
Жаңа логотип Оңтүстік Кореяның Инчон қаласының ашық аспанда өткен рекордтық пиротехникалық думаны барысында ұсынылды. Думанға 303 «пиротехникалық дрон» қатыстырылды, олар Kia-ның жаңа бастамасын көрсетіп, компания өміріндегі жаңа дәуірге символдық бастама бере отырып, көркемдік көріністе жүздеген отшашулар шығарды. Мамандандырылған ұшқышсыз ұшу аппараттарының мұндай саны Гиннес кітабының жаңа әлемдік рекордына айналды: «Отшашуды бір уақытта іске қосуға арналған ең көп ҰЖҰА». Керемет думанды Kia-ның ғаламдық YouTube арнасынан тамашалауға болады: https://youtu.be/s61_IsjqLzc
Kia-ның ақпараттық желісі
Сату бөлімінің жұмыс кестесі:
Дс-Жм 09:00-20:00
Сб-Жс 09:00-18:00
Сервис орталығының жұмыс кестесі:
Дс-Жм 09:00-20:00
Сб-Жс 09:00-18:00
Эл.пошта мекенжайы
Официальный дилерский центр Kia – Jetisu ведет деятельность на территории PК в соответствии с законодательством РК. Реализуемые товары доступны к получению на территории РК. Мониторинг потребительского поведения субъектов, находящихся за пределами РК, не ведется. Информация о соответствующих моделях и комплектациях и их наличии, ценах, возможных выгодах и условиях приобретения доступна у дилеров Кia в РК. Товар сертифицирован. Не является публичной офертой.
© 2024 ТОО «Allur Motor Qazaqstan»